×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

1500-ге жуық қазақстандық турист су басқан Дубайда қалып қойған

17.04.2024, 22:36
Ашық дереккөзден

"Туристік Қамқор" КҚ төрағасы Инна Рей Біріккен Араб Әмірліктерінде қатты нөсер салдарынан елге қайта алмай қалған қазақстандық туристерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, форс-мажор жағдайда туроператорлар жауапкершіліктен босатылатындығына қарамастан, әрбір туроператор өз туристерін орналастыру және тамақпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Сонымен қатар, авиакомпаниялар да билеттерді толықтай кері  қайтаруды немесе билеттерді қайта брондауды қамтамасыз етіп жатыр,” деді "Туристік Қамқор" КҚ төрағасы Инна Рей.

"Туристік Қамқор" корпоративтік қорының төрағасы Инна Рейдің мәліметінше Дубайда 1500-ге жуық турист бар. Туроператорлар авиакомпаниялармен бірлесіп осы туристерді Қазақстанға қайтарудың түрлі жолдарын қарастырып жатыр. Инна Рей өз сөзінде Дубайда қалған азаматтардан дүрбелеңге салынбауын сұрады.  

2024 жылдың 16 сәуірінде Біріккен Араб Әмірліктерінің барлық аймақтарына найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды. 

 

Серіктес жаңалықтары