×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Алматылықтар, сақ болыңыздар!» Ағаш құлап, электр желілері үзілуі мүмкін

24.04.2024, 22:10
Ашық дереккөзден

Алдағы күндері, дәлірек 24-28 сәуір аралығында Алматы толассыз жаңбыр жаңбыр астында қалуы мүмкін деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. 

52 мобильді бригада шығады 

  • Жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 мобильді бригада кезекшілікке шығады, 2,5 мың қап құм дайындалады. 
  • Күндіз 465 арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 маман, ал түнде 236 арнайы техника және 215 маман жұмыс істейді. 
  • Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етіп, су басуды болдырмау үшін 320 жұмысшы мен 92 арнайы техника арық желілерін, өткелдерін тазалайды. 
  • Күн сайын арықтан 250 текше метр лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады. 

Алматы тұрғындары сақ болуы тиіс. Ағаш құлап, электр желілері үзілуі мүмкін. 

Әкімдік ескертеді

“Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер автокөліктерін жол жиегіне қоймауға тиіс. Себебі ағаштар құлап, электр желілері үзіледі деген қауіп бар. Қала тұрғындары мен қонақтары тауға бармауға тиіс. Су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырмауға шақырамыз,” - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Бұған дейін 2024 жылдың 16 сәуірінде Біріккен Араб Әмірліктерінің барлық аймақтарына найзағай ойнап, нөсер жауған. Салдарын Дубай қаласын жаңбыр суы басқан еді. 1500-ге жуық қазақстандық Дубайда қалып қойған.

Серіктес жаңалықтары