Қарағанды облысында пойыз рельстен ауытқып, темір жолдан шығып кетті деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат пайда болды. Жазба авторының мәліметінше оқиға Ақадыр және Айса станцияларының арасында болған.
Техникалық вагон екен
Оқиғаның мән-жайын Көліктегі полиция департаменті түсіндірді. Ақпаратқа сәйкес пойыздың артқы техникалық вагоны рельстен шығып кеткен.
"Қазіргі уақытта Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімі қозғалыс қауіпсіздігі немесе темір жол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп мәлімдеді КПД.