ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов көз жұмды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
ҚР ІІМ марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
“Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты,” - деді Polisia.kz
Бейресми дерек бойынша Бердімұратов кезектен тыс аттестация кезінде ұйыған қанның жарылуынан көз жұмған.
Медет Тасырханұлы құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері қызмет еткен. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасы.