Абай облысының прокуратурасы наразылық білдіріп, әкімдіктің заңсыз қаулысы жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бородулиха ауданының әкімдігімен жалпы ауданы 4,3 мың га болатын 15 жайылымдық жерді ауданның арнайы жер қорына заңсыз тапсырылды.
– Жер заңдарының нормаларына сәйкес жайылым алқаптары бөлек меншiкке және жер пайдалануға берiлмейдi, яғни олар тек халықтың мұқтажына, мал жаюға арналған. Елдімекендердің жайылымдық жерлерін заңға сәйкес арнайы жер қорына алу оларды кейіннен қайта бөлуді көздейді., – деп хабарлайды прокуратура.
Прокуратура қабылдаған шараларымен аудан әкімдігі шығарған заңсыз қаулы күшін жойды.