×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

БҚО-да әкімдік көліктерге 61 млн теңге жұмсамақ болған

Бүгін, 12:14
БҚО-да әкімдік көліктерге 61 млн теңге жұмсамақ болған
pixabay

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокурорлары 61,4 млн теңгеге жуық сомаға сегіз қызметтік көлік сатып алуға жол бермеді. Әкімдік қолданыстағы мораторийге қарамастан көліктерді бюджет қаражатына алмақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не сатып алмақ болды?

Шілдеде аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталына сегіз қызметтік автокөлік сатып алу туралы хабарландыру орналастырған. Сатып алудың жалпы құны 61,4 млн теңге болған.

Сатып алу неге тоқтатылды?

Прокуратура мәліметінше, бұл сатып алу Үкіметтің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен енгізілген мораторий талаптарына қайшы келген.

Прокурор наразылық білдіргеннен кейін мемлекеттік сатып алуға қатысты барлық хабарландыруның күші жойылды.

Қадағалау органының хабарлауынша, осылайша бюджеттен 61 млн теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.