×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жауын-шашынның салдарынан 118 қылмыскер түрмеден қашып кетті

25.04.2024, 20:10
Әлеуметтік желіден

Ұзақ жауған жаңбыр салдарынан түрме мен оған жақын маңдағы ғимараттардың қабырғасы құлап қалған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Нигерияда болған

Оқиға Нигерия астанасына жақын Суледжа қаласындағы түрмеде болған. Түзеу мекемесінің қызметкерлері басқа күштік құрылымдардың көмегімен қашқындарды іздеп жатыр. Әзірге олардың оннан бір бөлігі ғана қолға түскен. 

"Бірнеше сағатқа созылған нөсер орта деңгейдегі түрменің бір бөлігін, және  іргелес ғимараттарды қиратты", – деді түзету мекемесінің өкілі Адам Дуза. 

Түрмеден қашу Нигериядағы басты проблемалардың бірі. Бұған себеп - түрмелердің лық толуы, қаржыландырудың аздығы және әлсіз қауіпсіздік шараларының жеткілікті деңгейде орындалмауы. 2022 жылдың шілдесінде Ислам мемлекетінің содырлары  ел астанасы Абуджадағы қатаң режимдегі түрмеге шабуыл жасап кем дегенде 440 тұтқын қашып кеткен. 

 

Серіктес жаңалықтары