Оның кім екендігін журналист, Жәнібектің оқиғасын зерттеп жүрген Қымбат Досжан жариялады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Аудармашы болған
Журналистің мәліметінше Жәнібекті саудалаған әйел аудармашы болып жұмыс істеген екен. Негізі ол туралы ақпарат бұдан бірнеше ай бұрын белгілі болған. Бірақ тергеу жүріп жатқандықтан мәліметтерді жария етпегендігін айтты журналист.
«Ақша алған әйел белгілі екен. Оның аты кім, неге айтпайсыздар?» деп сұрайсыздар. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан ол әйел туралы айтуға еш құқым жоқ. Негізі бұл әйелдің атын, қайда тұратынын, немен айналысатынын біз осы жылдың қаңтардың 7-сі күні анықтадық. Бұны қымыстық істі тергеп жатқан Арқалық полиициясы да біледі», - деді Қымбат Досжан.
"Сіз аз беріп тұрсыз... ”
Қымбат Досжанның мәліметінше беймәлім әйел асырап алушы азаматтармен саудаласқан.
“2004 жылы ақша алған кезде ол әйел Арқалықта жұмыс істеген. Сіздер ойлағандай перзентханада немесе балалар үйінде жұмыс істемеген. Ол тіл білгендіктен аудармашы болып жұмыс істеген. 12 мың долларды қолына санап алған кезде, Жәнібектің асырап алған анасына «Сіз аз беріп тұрсыз, америкалықтар бізге ұл балалар үшін 20 мың доллардан жоғары ақша береді» деген.
Хат жазысқан
Беріректе ол әйел Жәнібекті асырап алған әйелден баланың жағдайын сұраған.
“2020 жылы ақша алған әйел Валериймен (Жәнібектің асырап алған анасы) хат жазысқан. Ол жерде «Жәнібектің жағдайы қалай?» деп сұраған. Бұған дәлеліміз бар. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталып, сот болған кезде ғана белгілі болады. «Бармысың, бауырым?» хабары Жәнібектің анасын іздеуді ары қарай жалғастырады», - деді журналист.