×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«35 келіге жуық»: Алматы облысында синтетикалық есірткі тәркіленді

26.04.2024, 16:16
«35 келіге жуық»: Алматы облысында синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тінту кезінде 35 келіге жуық синтетикалық есірткі заттары, 500 литр прекурсор мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді.  Бұл қылмысты жасады деген күдікті ұсталды, – делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен ұсталғанға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.