×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Жоғалып кеткен МС Сайлаубек құтқарушыларға ән айтып берді (ВИДЕО)

26.04.2024, 20:50
@ziko6393

Бір кездері әлеуметтік желінің жұлдызы болып, кейін көрінбей кеткен МС Сайлаубек лақап атымен танымал азамат қайтадан жарыққа шықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

Оның видеосы Тик-ток парақшалардың бірінде пайда болды. Бейнежазбада Сайлаубек бір топ құтқарушылардың жанында тұр. Және өзінің бірнеше жыл бұрын “хит” болған әнін шырқап тұр. Көзінде сол баяғы қара көзілдірігі. Әбден жұмыстан қажыған құтқарушылардың жүзіне күлкі үйірілген.  

“Рухтанып кеткен шығар”

“Рухтанып кеткен шығар қасындағылар, өте рухты ән ғой”, “арасында осылай демалып тұрған да жақсы ғой”, “солдаттар шаршағанын ұмытып кеткен болар” деген түрлі пікір жазып жатыр желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары