Тарихи Женева консерваториясында белгілі қазақстандық композитор және пианист Рахат-Би Абдысагиннің концерт кеші өтті, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz
Бах, Моцарт, Бетховен және Шопен
Кешке дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ академиялық орта және жергілікті қала тұрғындары мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Концерт барысында Рахат-Би Абдысагиннің сүйемелдеуімен И.С. Бах, В.А. Моцарт, Л. ван Бетховен, Ф. Шопен, Ф. Лист, А. Скрябиннің классикалық шығармалары, сондай-ақ композитордың өз шығармалары орындалды.
Рахат-Би Абдысагиннің концерті еліміздің мәдени дипломатияны дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және бүкіл әлем бойынша аудиториямен музыканың әмбебап тілінде қарым-қатынас жасауға бейілділігін атап өтіп, Қазақстанның көркемдік алуан түрлілігін көрсетті.
9 жасында басталған
9 жасында өзінің алғашқы туындысын жазған Рахат-Би Абдысагиннің қоржынында 150-ден астам композиция, оның ішінде үш опера бар. Жақында шыққан «The Bruce» операсы сыншылардың жоғары бағасына ие болып, осы жылдың басында оның премьерасы Ұлыбританияның төрт қаласында өткен еді.