×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Шымкентте жалған полицейлер қолға түсті

27.04.2024, 01:00
ktk.kz

Шымкентте өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, жұрттың зәресін алған алаяқтар ұсталды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

“Тәртіп сақшысымыз”

Шымкентте жұртты қорқытып-үркітумен айналысқан жалған полицейлер ұсталды. Өзін тәртіп сақшысымыз деп таныстырғандар кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардан ақшаны бопсалап келген. 

Біреуі бұрын істі болған
 
Оңай жолмен ақша тауып үйренген топты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Тінткен кезде олардан полиция қызметкері деген жалған қызметтік куәлік табылды. Ұсталғандардың бірі бұрын алаяқтық жасағаны үшін істі болған. Олардың ұзақ уақыттан бері жергілікті тұрғындарды қорқытып ақша бопсалап келгені анықталды.  

10 жылға дейін... 

Тергеу абақтысына қамалған үш күдіктіге қатысты бопсалау, тонау және билік өкілінің атын жамылу баптарымен іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
 
 

Серіктес жаңалықтары