×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: Сарбаздар әскери бөлімге орала бастады

27.04.2024, 08:49
Су тасқыны: Сарбаздар әскери бөлімге орала бастады
gov.kz

Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылған әскери қызметшілер мен техникалар тұрақты орналасқан жерлеріне қайта бастады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Десе де, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдай әлі де бақылауда. Бұған Жайық және Есіл өзендеріне құйылып жатқан су мөлшерінің көптігі себеп болып отыр. Жайық өзенінің бойындағы су тасқынының алдын алу мақсатында ұландықтар мен құтқарушылар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуде. 

Қазіргі уақытта Атырау облысында Ұлттық ұланның Атырау және Қарағанды полктерінен келген 800-ге жуық сарбаз қызмет атқаруда. Сонымен бірге, 5517 әскери бөлімінің (Орал) 80 әскери қызметшісі патрульдік-бекеттік қызметке жұмылдырылған. Тағы 110-ға жуық сарбаз су тасқынына қарсы іс-шараларда жергілікті халыққа көмек көрсетіп жүр.

Ал 6506 әскери бөлімнің (Шымкент) 300 әскери қызметшісі және 5547 әскери бөлімнің (Қызылорда) 200 жауынгері Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға айтарлықтай үлес қосқаннан кейін тұрақты орналасу пункттеріне қайтып барады.

Жалпы, су басқан өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері тасқынның алдын алу және оның салдарын жою үшін 3000-нан астам ұландық жұмылдырылды. Олар 120-ден астам автомобиль техникасы мен 6 авиация техникасын пайдаланды. Нәтижесінде 1781 адам эвакуацияланды, ұзындығы 105 шақырымнан астам жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 1 миллион 314 мың құм толы қап дайындалып, бөгеттер жасалды, су тасқыны болған жерлерге 140 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді.

Естеріңізге салсақ, Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.