×
$
458.57
€
501.54
₽
5.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.57
€
501.54
₽
5.57

Алматыда өрттен бес адам қаза тапты, арасында бала да бар

Бүгін, 09:00
Алматыда өрттен бес адам қаза тапты, арасында бала да бар
Видеодан алынған кадр

26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрт орнынан бес адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың бірі – кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне сағат 03:44-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минуттан кейін жеткен. Алайда сол кезде үйді жалын шарпыған.

– Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Оны сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 35-ке жуық қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды, – деп хабарлады ведомство.

Қазір өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сізге қызық болуы мүмкін