Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы гидробекетте бір тәулікте бірден 19 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 27 сәуір күнгі сағат таңғы 08.00-дегі мәліметі бойынша Тайпақ тұсында су деңгейі 581 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Есесіне басқа гидробекеттерде Жайықтағы су деңгейі төмендеп келеді. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 864 (-8, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 851 (-4, 850 см), Көшімде 852 (-3, 850 см) сантиметрді көрсетті.
Облыстың басқа да өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Жайық өзенінде су деңгейі сәл ғана төмендегенін жазған едік.