Жер сілкінісі осы түнде Алматыдан 320 шақырым жерде болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС жер асты дүмпулері 28 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 04:58-де тіркелгенін хабарлады.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 320 км жерде Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9. MPV магнитудасы – 4.8.
Эпицентрдің координаттары – 44.79° С. Е. 80.23° ш. б. Тереңдігі – 10 км.
Айта кетейік, кеше таңертең Алматы қаласынан 915 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген еді.