×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

ТЖ басталғаннан бері Жылыой ауданында 42 сәби дүниеге келді

28.04.2024, 13:31
Ашық дереккөзден

Жылыой ауданы орталық ауруханасы басшылығының мәліметінше, су тасқыны кезінде жарық дүниеге келген шақалақтың 20-сы ер бала, 22-сі қыз бала, деп жазады Ulysmedia.kz.

«5 сәуірден бастап өмірге келген  сәбилердің арасында  егіз нәресте де бар. 26 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жылыой аудандық ауруханасында босанудан кейінгі бөлімшеде 8 жас ана жатыр. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайы қалыпты», - деді Жылыой ауданы орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.

Жылыой ауданы бойынша бүгінгі таңда 1073 әйел адам жүктілігі бойынша есепте тұр екен.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 9 мыңға жуық жылыойлық Маңғыстау облысына эвакуацияланғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары