×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

9 мыңға жуық жылыойлық Маңғыстау облысына эвакуацияланды

06.04.2024, 15:22
ТЖМ

Маңғыстау облысы ТЖД Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елді мекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайда көшірілген тұрғындар 18 уақытша орналастыру пунктінде (1160 адам, оның ішінде 501 бала) және туыстары мен таныстарының арасында (7538 адам) жеке үйлер бойынша қоныстанған.

Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, облыс бойынша барлығы 201 уақытша орналастыру пункті эвакуацияланған халықты қабылдауға дайын тұр. Аталған пункттер 83042 адамды қабылдауға қауқарлы.

Маңғыстауда су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарын қабылдау жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары