×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Сarbon салығы Қазақстан экономикасына едәуір әсер етеді – министр

04.11.2021, 09:05
Сarbon салығы Қазақстан экономикасына едәуір әсер етеді – министр
Фото: Ашық дереккөзден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов 2026 жылы Еуропалық одақ енгізетін «Сarbon салығы» халықаралық сауда ережелерін түбірімен өзгертетінін мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Әлемде климаттың және қоршаған ортаның өзгеруі бойынша мынадай негізгі трендтер байқалады: ірі қаржы институттары таза жасыл технологиялардың пайдасына көмірмен байланысты жобалардан толық бас тартты. Әлемнің ірі экономикаларының декарбонизациясының тұрақты тренді жолға қойылған. Көміртек бейтараптығы және тиісінше көмірден бас тарту жөніндегі мақсаттар туралы мәлімдеген елдердің саны жыл сайын өсіп келеді», - деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, 2026 жылдан бастап Еуропалық Одақ көміртекті көп қажет ететін өнімдер импортына шекаралық көміртегі салығын (Сarbon салығы) енгізуді жоспарлап отыр.

«Бұл халықаралық сауда ережелерін түбегейлі өзгертеді. Сонымен қатар, Қазақстанның ЖІӨ-нің көміртекті сыйымдылығын ескере отырып, бұл салық біздің экономикамызға айтарлықтай әсер етеді», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев сarbon салығы Қазақстан импорттайтын негізгі өнімдерге салынатынын мәлім еткен еді.