×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Қаратауда уран өңдеу кезінде 862 млн теңге ұрланған: антикор не дейді

30.04.2024, 09:22

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» компаниясының бұрынғы басшылығы, «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы антикорға сілтеме жасап.

Антикор не дейді

Агенттіктің хабарлауынша, мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

– Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және «Қаратау» ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық нәтижесінде жасалған. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді. «Iri building» ЖШС-нің нақты иесі іздеуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлайды ведомство.

Қайтарылған кен

Антикор сонымен бірге, бұрынғы вице-министр Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекетке никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар Қостанай облысындағы бірегей «Шевченковское» кен орны қайтарылғанын еске салады. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары