"Қазгидромет" мамыр айының алғашқы он күнінде ауа-райы қандай болуы мүмкін екендігін болжады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Қатты жел және бұршақ
"Қазгидромет" болжамынша мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін:
Найзағайлы жаңбыр
Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде найзағайлы жаңбыр жауады деген болжам бар. Сондай-ақ ыстықтың аздап төмендеуі - солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтілуде.
Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деген болжам бар.
Мамыр айында жауын–шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.