“Қазавтожол” компаниясы бірнеше автомобиль жолының уақытша жабылғанын мәлімдеді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz
“Қазавтожол” компаниясының баспасөз қызметі ауа райына байланысты Ақмола және Павлодар облыстарында жолдың жабылатынын хабарлады.
“2024 жылғы 1 мамырда сағат 00:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 16-200 шақырымында (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды,” - деді компанияның баспасөз қызметі.
Тура осындай жағдай Павлодар облысында да болмақ.
“2024 жылғы 1 мамырда 00:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты “Астана-Ерейментау-Шидерті” автомобиль жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы - Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.” - жазылған “Қазавтожолдың” шұғыл хабарламасында.