×
447.25
485.18
4.96
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.25
485.18
4.96

Алматы облысында Тик-Токтан шошынған әйел 10 жасар баласын пышақтап тастады

04.11.2021, 13:39
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысы Өтеген батыр ауылында 37 жастағы әйел туған баласын өлтірмекші болды.10 жастағы жеткіншекті анасы ас бөлмеде 16 жерінен пышақтап, тамағын кесіп үлгерген. Немересінің қансырап жатқанын көрген атасы бірден жедел жәрдем шақырыпты, деп хабарлайды Almaty.tv 

Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, қазір күдікті ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анық болғаны, әйел үш күн бойы оны Tik-Tok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтып, біртүрлі мінез танытыпты. Ал ұлы сол ойынға қатысушылардың бірі болып көрінгендіктен, оған пышақ ала жүгіргенін айтады.

«Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды. Бұлтартпау шарасын таңдау және оны психологиялық диспансерге орналастыру туралы мәселе шешілуде. Заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы – пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабына сәйкес, яғни «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Қазір жеткіншек Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оған хирург, анестезиолог-реаниматолог мамандар бір жарым сағат ота жасапты. Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жарақат алған. Бірақ ішкі органдарына зақым келмеген. Ең көп пышақ соққысы арқа тұсында анықталған.  

 

Серіктес жаңалықтары