×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

01.05.2024, 16:45
Еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 2 мамырда Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 02 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. 02 мамырда облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. 02 мамырда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың онтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с.

Алматыда түнде кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 18-23 м/с.