×
451.77
485.97
5.07
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
451.77
485.97
5.07

Атырауда тасқынға қарсы күресіп жатқан еріктіні сарышаян шағып алды

02.05.2024, 20:35
Әлеуметтік желіден

Улы жәндік Атыраулық азаматтың сол қолын шағып алған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграмм арнасы жазды.  

“Атырау облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде сарышаян еріктілердің бірін тістеп алды. Шымкент қаласы ТЖД "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Құтқарушы-дәрігерлері зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетті. Сол қолын тістеген ерікті Атырау қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді,” - деп жазды ТЖМ телеграмм арнасы.  

Сарышаян

Сарышаян - өрмекшітәрізділер класына жататын улы жыртқыш. Сарышаянның шағуы - шабуылы немесе қорғанысы. Тірі жемтікпен қоректенеді, егер ірі де белсенді жәндікті ұстаса, алдымен улы іспегімен жансыздандырады. Әдетте жәндіктерді, ұсақ сүтқоректілерді және құстарды сарышаян уы өлтіреді, бірақ адамның өлгені туралы мәлімет өте аз. Бұлардың құрғақ шөлді аймақтан кездестіруге болады. Ымырт пен түнде белсенді. Бірнеше жыл өмір сүреді.

Қазақстандағы су тасқыны бойынша ақпарат

Республика бойынша 48461 адам өз үйлеріне оралды. 5993 адам эвакуациялау пункттерінде.

7763 жеке тұрғын үй мен 2874 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.
 

 

Серіктес жаңалықтары