×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Кедей елдердің деңгейінде: Қазақстан және әлем елдері қорғанысқа қанша жұмсайды?

02.05.2024, 21:05
finprom.kz

Бұған дейін Қазақстандағы қорғаныс шығындары артып келе жатырғанын жазған едік. Ал енді осы қаражатты әлем елдерінің шығынымен салыстырып көрдік. Ulysmedia.kz. материалынан оқыңыз. 

Статистикалық деректерді Finprom жазды.

Егер 2019 жылы көрсеткіш қорғанысқа жұмсалған шығын ЖІӨ-нің кем дегенде 1%  асса, онда 2023 жылдың қорытындысы бойынша қорғаныс шығындары небәрі 0,48% құраған. 

Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының SIPRI мәліметтері бойынша, мемлекеттің өз әскеріне деген көзқарасын және сыртқы қауіптерден қорғауды сипаттайтын бұл көрсеткіш Қазақстанда төртінші жыл қатарынан азайып келеді. 

"Көрсеткіштер бойынша Қазақстанды екі санаттағы елдермен салыстыруға болады. Әскери шығындардың 1%-ға дейінгі үлесі бар мемлекеттер ірі державалардың отарындағы елдер. Немесе әскери-саяси блоктарға кіретін шағын арал мемлекеттері бар. Екінші санатта Экономикалық даму деңгейі төмен аумақтарға жататын Африканың кедей елдері бар", - делінген басылымда. 

Қорғаныс бюджетінің көлемі бойынша Қазақстан экономикалық дамыған мемлекеттерден және әскери күші жоғары елдерден алыс. Global FirePower халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, республика 2023 жылы әскери шығындар бойынша 145-тен 42-ші орынға ие болды. Дереккөздің хабарлауынша, ел үкіметі әскери қажеттіліктерге 7,5 миллиард доллар жұмсаған. Бірақ Қазақстан сияқты соғыс жағдайында емес дамыған елдердің көрсеткіштері: 

  • Франция-49,7 миллиард доллар, 
  • Ұлыбритания - 62,8 миллиард доллар, 
  • Германия - 55,9 миллиард доллар, 
  • Польша - 38,4 миллиард доллар, 
  • Италия - 31,6 миллиард доллар. 

Қазақстан, Қаржы министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2020 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің қорғанысқа арналған шығыстарын жыл сайын ұлғайтып келеді. 2022 жылы қаңтардағы оқиғалардан кейін бірден 49,4% - ға айтарлықтай секіріс болды. Украинада соғыс басталғаннан бір апта өткен соң Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясын реформалау жөнінде кеңес өткізіп, "әскерлерді қолданудың жаңа әдістерін енгізе отырып, жауынгерлік даярлық бағдарламасын қайта қарауды"тапсырды. Сол жылы әскери бюджет алғаш рет бір трлн теңге белгісін еңсерді. Өткен жылы Қазақстанда қорғанысты қаржыландыру деңгейі 1,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 

Бұған дейін қаражат қайда жұмсалатынын жазған едік. 

Былтыр қорғаныс шығындарының 78,7% әскери қажеттіліктерге (Қарулы Күштердің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуын қамтамасыз ету және т.б.) тиесілі болды.

 

Серіктес жаңалықтары