×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

Аудан әкімін әйелі азаптады деп айыптаған: әкімдік пен полиция не дейді

17.05.2024, 15:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Құқық қорғау органдары қазір бұл факт бойынша іс сотта екенін хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Атырау облысы әкімдігі "Мақат ауданы әкімі бұрынғы әйелін 11 жыл бойы азаптады" деп тараған мәліметке түсініктеме берді.

Толығырақ

– Үмбетқалиева бұған дейін Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Белгілі болған жағдайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды, - деп хабарлады әкімдік.

Полиция бұл істің ақпан айында сотқа жіберілгенін атап өтті. Келесі отырыс 29 мамырда өтеді.

Әйелдің жанайқайы

Атырау облысындағы аудан әкімінің бұрынғы әйелі қорлық көріп, азапталғанын мәлімдеген еді.

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің желіде бейнеөтініші пайда болды. Оның айтуынша, әкіммен некелескен 11 жылда ол қорлық көріп, азаптауға ұшыраған. Әйел өзінің бұрынғы жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын, ал қазір аудан әкімі қызметін атқаратынын айтты.

– Ринат Ибрагимов жүйелі түрде, бірнеше рет, 11 жыл ішінде балаларымның көзінше мені ұрып-соғып, азаптады. 2021 жылы түнгі сағат төртте мас күйінде келіп, мені ұрып-соғып, балаларымның алдында бет-жүзімнен түк қалдырмады. Содан кейін мен жедел жәрдем, полиция шақыруға мәжбүр болдым, бірақ ол маған кейін жалынып, балаларым үшін кешіруімді өтінгендіктен, мен арыздан бас тартуға мәжбүр болдым, – дейді әйел.

Алайда 2023 жылдың мамырында осындай жағдай тағы қайталанған. Содан кейін әйелге омыртқаның сакрумының сынуы диагнозы қойылып, ол бір ай бойы жүре алмай қалған. Айтуынша, бұрынғы күйеуі балаларын одан алып кеткен.

Серіктес жаңалықтары