Шаруалар өңірде кененің былтырғыдан әлдеқайда көбірек екендігін айтады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.
“Бәрінің айтатыны осы көк кененің әңгімесі...”
Маңыстау тұрғындарының арасында қазірдің өзінде кененің кесірінен бірнеше малынан айрылғандар бар екен. Сондықтан тұрғындар атқарушы биліктен көмек болса дейді.
“Бес бота шығын болды. Бәрінің айтатыны осы көк кененің әңгімесі. Үкіметтен көмек болмаса, бізге қиын болып тұр. Бізге тек улап беруіне көмектессе деймін,” - дейді шаруа қожалығының иесі Есбол Естүрлиев.
Тұрғындар өз күшімен қора-қопсы мен төрт түлікті дәрілепті. Түйелердің жүнін қырқып, залалсыздандыру жүргізген. Бірақ кене азаяр емес. Сондықтан толық дезинфекция жасауды сұрайды. Алайда жергілікті шенеуніктер кене адамға қауіп тудырғанда ғана жаппай улау жүргізілетінін айтып, шаруаларға, мал жүнін қырқып, паразитарлық ауруларға қарсы ерітіндіге шомылдыру керек дейді.
“Шара жасауға міндетті”
“Әр кәсіпкер паразитарлық аурудың алдын алып, шара жасауға міндетті. Ал біздің тарапымыздан тек жұқпалы ауруларды болдырмау үшін профилактикалық-диагностикалық іс-шара атқарамыз,” - Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев.