×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Намысқа тиетін сен кімсің»: танымал блогер әзілкешпен соттасқалы жатыр

03.05.2024, 08:47
«Намысқа тиетін сен кімсің»: танымал блогер әзілкешпен соттасқалы жатыр
Әлеуметтік желіден

Мадлен атымен танымал блогер Мадинахон Мамадалиева әзілкеш Нұрасхан Басқожаевпен соттаспақ. Блогер әзілкеш өз сөзімен намысыма тиді деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Мадленнің әзілінен басталған.

– Ары қарай да ақша ұрлап, бәріне Дубайға кете беруге болады. Содан кейін Мадлен секілді блогерлерді Дубайға шақырып, сол жерде олармен бірге жатып, Қазақстанның солтүстігі суға қалай батып бара жатқанын көре беруге де, - деген әзілкеш әзілінде.

Бұл сөз Мадленнің намысына тиіп кетсе керек. Ол өзінің Instagram парақшасында Басқожаевты айыптап, өз құқығын заңды түрде қорғайтынын жазды.

– Маған белгісіз бір клоунның стендапы жекеме келді. Өз ісіммен айналысып жатқанда, кейбір сайқымазақ, арзан клоундар менің атыма, беделіме нұқсан келтіріп жатыр, - дейді блогер.

Мадлен әлеуметтік желілер арқылы әрдайым адал еңбекпен ақша жапқанын жазады.

– Мен арыз жазамын. Сөзбен менің намысыма тиетін сен кімсің!? Ешкім күлген жоқ! Сотта кездесеміз. Біз бүкіл ел әйелдердің құқықтары үшін күресіп жатырмыз, олар қорланбасын дейміз. Біз мұны бұлай қалдырмауымыз керек. Әзілкеш билеттерін 1000 теңгеге сатады, ал су тасқынына біз 200 млн теңгеден астам қаражат жинадық, - деп жазады блогер.

Кейіннен Басқожаев дауды реттеуге тырысып, Мадленнен Instagram-дағы жазбасы үшін кешірім сұрады. Соған қарамастан Мамадалиева әзілкеш өз сөздері үшін жауап беруі керек деп мәлімдеді.

Мадленнің Instagram-да екі миллионнан астам жазылушысы бар.