Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы құжат жобасында жазылған.
Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі.
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады, – делінген Ішкі істер министрлігінің жазбасында.
Жаңа жоба 21 мамырға дейін талқыланады.