×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қостанай облысында ұшақ суға қонды: Зардап шеккендер жоқ

03.05.2024, 20:50
Әлеуметтік желіден

Ан - 2 ұшағының  бортында бес адам болған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Бұл туралы ҚР Көлік мининстрлігінің баспасөз қызметі жазды.  

“Қостанай облысында санитарлық рейсті орындаған "Навигатор" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы суға қонды,”- деп хабарлады Көлік министрлігі. 

Оқиға сағат 16:10-ның шамасында болған. Арқалық – Ақсұңқар (Қостанай) бағытын бетке алған "Навигатор" әуекомпаниясының санитарлық Ан-2 ұшағы  ұшу барысында күрт төмендеп, су айдынына барып бір-ақ тоқтаған.  

Экипаж мүшелері мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендер жоқ.   

"Әуе кемесінің бортында екі экипаж мүшесі және үш қызметтік жолаушы болды. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Қостанай облысы бойынша ТЖД-ны Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына көліктегі оқиғалар мен оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері жетті.  

"Бұл авиациялық оқиға болғандықтан оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруі тиіс.Оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себебі мен мән – жайлары анықталып жатыр,”- делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары