Бейнежазбадан ұшақтың қалай қатты екпінмен келіп төңкеріліп түскенін көруге болады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Төңкеріліп түскен
Ан-2 ұшағы биіккке көтерілу сәтінде сәтсіздікке ұшырап, қатты екпінмен келіп суға құлаған. Артынша әуе кемесі төңкеріліп түседі.
Бұған дейін Қостанай облысында санитарлық рейсті орындаған "Навигатор" әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы суға қонғанын жазған едік.
Оқиға сағат 16:10-ның шамасында болған. Арқалық – Ақсұңқар (Қостанай) бағытын бетке алған "Навигатор" әуекомпаниясының санитарлық Ан-2 ұшағы ұшу барысында күрт төмендеп, су айдынына барып бір-ақ тоқтаған.
Экипаж мүшелері мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендер жоқ.
"Әуе кемесінің бортында екі экипаж мүшесі және үш қызметтік жолаушы болды. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Қостанай облысы бойынша ТЖД-ны Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына көліктегі оқиғалар мен оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері жетті.
"Бұл авиациялық оқиға болғандықтан оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруі тиіс.Оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себебі мен мән – жайлары анықталып жатыр,”- делінген хабарламада.