×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Су тасқыны: шығынды өтеу үшін онлайн түрде қалай өтініш беруге болады

04.05.2024, 13:32
Су тасқыны: шығынды өтеу үшін онлайн түрде қалай өтініш беруге болады
Коллаж Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында электронды үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтініш беру алгоритмінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еңбек министрлігі не дейді

Министрлік басшысы гуманитарлық көмекті қабылдау және беру пунктіне, келтірілген залалды өтеу шеңберінде пәтер алған отбасылардың біріне барған.

Бұған дейін хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Egov mobile мобильдік қосымшасы арқылы су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге онлайн өтініш беру функционалын іске асырды. Мұны қалай дұрыс жасау керектігін министр Петропавл қаласының Мансап орталығында өткен су тасқынынан зардап шеккендермен кездесу барысында айтып берді.

«Бұл қызмет арқылы сіз шағын сауалнамадан өтуіңіз керек. Барлық жеке деректерді толтырасыз, сізге уақытша баспана қажет пе, жоқ па, соны көрсету керек. Келтірілген залалды тізімдейсіз: бұлар тұрғын үй түрі, құрылыс түрі, қаза тапқан мал саны, жеке мүлкі, қосалқы шаруашылық және т.б. Сервис су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді», – деді Светлана Жақыпова.

Жұмыс сапарының соңында Жақыпова су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасының біреуіне барған. Бұған дейін оларға залалды өтеу шеңберінде пәтерлердің кілттері табысталған болатын.