Әнді президент оркестрінің “ABYROY” тобы орындайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әннің клипі таяуда Мемлекеттік күзет қызметінің youtube-арнасында жарияланды.
Президенттік оркестрдің “ABYROY” тобы орындайтын патриоттық хит-ән - “РУХ” композициясының клипі шықты.
Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген. Режиссері Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқан.
Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық азамат. Бүгінде композиция ТМД елдеріндегі хит-парадты бастап тұр.
Иманбектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы мереке ұйымдастырумен айналысатын агенттікке жұмыс атқарады. Ата-анасы ұлдарының музыкаға ден қоюына қарсы болмаған.