Қазақтелеком компаниясы Мобайл Телеком-Сервистің 100 пайыз акциясын сату жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE Қазақстандық қор биржасында "Қазақтелеком" акционерлері "Мобайл Телеком-Сервис"компаниясының акцияларының 100 пайызын сату жөнінде шешім қабылдағаны туралы хабарлама пайда болды.
Толығырақ
– Қазақтелеком" АҚ "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС қатысушыларының құрамынан "Қазақтелеком" АҚ тиесілі "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС қатысу үлесінің 100 пайызын Power International Holding (Pih) (немесе Pih меншігіндегі 100 пайыз еншілес компания) пайдасына сату арқылы шығады,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақтелеком" Tele2 және Altel сататыны хабарланған еді. Кейінірек компания катарлықтарға сатуды жоспарлап отырғаны белгілі болды.