×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға дейін туристік пойыз жүре бастайды

05.05.2024, 15:59
Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға дейін туристік пойыз жүре бастайды
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Қазақстанның көлік министрлігі ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань - Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланған.

Көлік министрлігінде өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге, сондай-ақ туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер әңгіме арқауына айналды.

Визасыз режим

Былтыр Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим іске қосылған еді. Екі елдің келісімінде тараптардың бірінің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттарының иелері аумақ арқылы кіру, шығу, транзит үшін жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттарды) жүзеге асыру мақсатында екінші тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн визалық талаптардан босатылатыны айтылған.

Қазақстанның жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматының паспорты;
  • ҚР-ға оралу туралы куәлік.

Қытайдың жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты;
  • ҚХР азаматының әдеттегі төлқұжаты;
  • ҚХР уақытша жол жүру құжаты.

Еске салайық, Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізу туралы келісімге Тоқаевтың былтыр мамыр айында Қытайға сапары кезінде қол қойған.

Сол сапарында Қазақстан президенті екі ел арасында визасыз режим енгізу туралы пікір білдірген.