×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қазақстан Ғарыш Сапары» неліктен журналистпен соттасқалы отыр

06.05.2024, 11:09
«Қазақстан Ғарыш Сапары» неліктен журналистпен соттасқалы отыр
Фото: ашық дереккөз

Шымкенттің азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында журналист Кирилл Павловқа қатысты сот ісін қарауға дайындық басталды. Судья мен сот процесіне қатысушылардың алғашқы кездесуі онлайн режимде өтті. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК-ның іскерлік беделіне нұқсан келді деген арызбен түскен іс сотқа жолданған еді. Талап-арызды судья Ермек Есіркепов қарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық компания неге ренжулі

Журналист «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК компаниясының қызметі туралы материалдарды өзінің жеке парақшасында емес, Қор-Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросының сайтында жариялағандықтан, соттан талап арызды қараусыз қалдыруды сұрады.

- Қажетті процесс сақталмағандықтан, талап арызды қараусыз қалдыруды сұраймыз. Сотқа дейінгі талап-арыз болған жоқ. Жеке тұлға болғандықтан, сотқа дейінгі талап-арыз жіберудің қажеті жоқ дейді. Алайда, менің медиа лицензиям жеке кәсіпкерге берілген, сондықтан олар сотқа дейінгі талап-арыз жіберуге міндетті болды», - деп түсіндірді Кирилл Павлов.

2007 жылға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы «Қазғарыш» деп аталды және ол 2005 жылдың наурыз айында мемлекет қаражатына құрлды. Яғни, оның құрылтайшысы – мемлекет. Ол, сондай-ақ, бірқатар салалық экономикалық мәселелерді шешу үшін ғарыштық және навигациялық бақылау жүйелерін енгізумен айналысады. Ал Кирилл Павлов бұл әрекетті бір жыл бұрын ғана сынаған. Журналист бірқатар зерттеулерін ұлттық компанияның жұмысына қатыстырып жасаған. Ол «Қазақстан Ғарыш Сапарының» 2023 жылғы өрт кезінде және 2024 жылғы су тасқыны кезіндегі тиімділігіне талдау жасады.

Кирилл Павлов ҚР Парламент мәжілісінде

Павловтың дәлелдері

Мысалы, 2023 жылы маусымда Абай облысындағы орман резерваты өртеніп жатқанда, Павлов төтенше жағдайдың басты себебін атады. Оның айтуынша, болжам уақытында жасалмағандықтан, өрт шығатынын ешкім білмеген. Павловтың аргументіне сенсек, Төтенше жағдайлар ведомствосының басшылығы өртті сөндіру кезінде интерактивті карталарды емес, кәдімгі қолмен жазып-сызылған қағаз карталарды пайдаланған.

2023 жылдың тамыз айында «Сыбайлас жемқорлықты тергеу жөніндегі қор бюросы» «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының аэрофотосуреттерді өз спутниктерінен түсірмейтінін, оларды шетелдік компаниядан сатып алып, мемлекеттік органға қымбат бағада ұсынатынын хабарлады.

Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде компания жұмысы да журналист тарапынан сынға ұшырады. Кирилл Павлов соңғы екі жылда Ұлттық компания тек өртті ғана емес, су тасқынын да болжау үшін 1,5 миллиард теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстарын жеңіп алғанын жазды. Сонымен қатар, Жайық өзені жағалауының тұрақтылығын талдау бойынша Батыс Қазақстан облысында өткен тендерде «Қазақстан Ғарыш Сапары» жеңімпаз атанды. Бірақ бұл шығындарға қарамастан, журналист аймақтағы елдімекендерді су басып, төтенше жағдай жарияланғанын жеткізді.

Кімнің болжамы дұрысырақ?

Кирилл Павлов өз болжамдарының тиімдірек екенін жазып, ақшаны бюджетке қайтаруды талап етті.

– Сотқа бір-екі сағат қалғанда соңғы құжаттар келді. Қазір оқып жатырмыз. Сотта «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы менің Парламентте өткен үкімет сағатында айтқан фактілерімнің шындыққа жанаспайтынын мойындауымды талап етеді. Сонда оны қалай жасауым керек? Мәжіліске тағы баруым керек пе? Менің Мәжілісте айтқан сындарым, қыруар ақшаның желге ұшқаны туралы сөйлегенім оларға ұнамайды. Сондықтан олар менің айтқандарымнан, жазған мақалаларымнан бас тартуымды талап етеді, - дейді Кирилл Павлов.

Еске салайық, журналист су тасқынына қатысты өз болжамдарын айтқан, сол арқылы әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған. Жұрт оның сөзін әлеуметтік желіде кеңінен таратты. Алайда оның қауіп жоқ деген жерінен қауіп шығып, өңірлер су астында қалды.

Фото inform.kz ақпарат агенттігінде жарияланған

Фото tengrinews.kz сайтында жарияланған

Shishkin_like постынан белгілі болғандай, «Қазақстан Ғарыш Сапары» тек журналит К.Павловқа ғана емес, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына да өкпелі. 

Алғашқы сот отырысы 17 мамырға белгіленген. Ulysmedia.kz осы іске қатысты жаңалықтарды алдағы уақытта назарда ұстайды.