×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

Қазақстандағы 9 арнайы экономикалық аймақ жұмысын 25 жылға ұзартады

06.05.2024, 11:46
Фото: jsk.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Үкіметтің «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» қаулысын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжат төмендегі тоғыз АЭА-ның қолданылу мерзімін 2049 жылға дейін ұзартады:

«Инновациялық технологиялар паркі»;

«Оңтүстік»;

«Сарыарқа»;

«Павлодар»;

«Қорғас-Шығыс қақпасы»;

Jibek Joly;

«Астана-Технополис»;

TURAN;

Qyzyljar.

2049 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы экономикалық аймақтардың арнаулы құқықтық режимі осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін арнаулы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қойған қатысушылар үшін ғана қолданылатын болады деп көзделеді.

Сондай-ақ жобаны қабылдау арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығына ықпал етеді деп болжануда.

Құжат 22 мамырға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары