×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының алтынына таласады

04.11.2021, 23:25
Фото: Olympic.kz

Белградтағы әлем чемпионатында үшінші қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Olympic.kz-ның мәліметінше, 51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалдан сүрінбей өтті.

Ол таиландтық Танаарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Сәкен Бибосынов өз мансабында алғаш рет әлемдік сынның финалына өтіп отыр. Сәкеннің финалдағы қарсыласы – америкалық Рокси Холл. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионатының финалына өтсе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанған болатын. 

Серіктес жаңалықтары