Қазақстанда Ұлттық кітап күнін мерекелеу туралы қаулы жобасы жарияланды. «Ашық НҚА» порталында орналастырылған құжатқа сәйкес мерекелер тізіміне тағы бір күнді қосу ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қашан аталып өтеді
Ұлттық кітап күні 23 сәуірде атап өтілуі мүмкін. Түсіндірме жазбада жаңа мереке қоғамда жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру үшін қажет делінген. Сондай-ақ президент осындай тапсырма берді. Ол ұлттық Құрылтай мүшелерінің кітап күнін құру туралы бастамасын «нақты мазмұнға толы болсын» деген шартпен қолдады.
Жоба 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ашық. Құжат қабылданған жағдайда Ұлттық кітап күнін 2025 жылы атап өтуге болады.
Айта кетейік, 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Ол 1996 жылдан бастап ЮНЕСКО халықты оқудан ләззат алуға және мәдениетті насихаттаушылардың таптырмас үлесін құрметтеуге шақырғаннан бастап атап өтіледі.
Президентке кімдер ұсыныс берді
Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстанда жаңа мереке – Ұлттық кітап күнін белгілеуді ұсынған болатын.
Алдымен ол өңірлерде кітапханаларды жаңғырту керектігін атап өтті.
Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы елімізде жаңа мерекені белгілеуді ұсынды.
Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет, –деген сонда президент.