×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Педагогтар мен ғалымдар үшін: Президент заңға қол қойды

06.05.2024, 19:30
Педагогтар мен ғалымдар үшін: Президент заңға қол қойды
Әлеуметтік желіден

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған

“Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған,”- деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Атап айтқанда, белгілі бір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды.  

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) атағы үшін төленетін қосымша ақы 25 АЕК-ті (92 300 теңге) құрайды. Ал ғылым докторы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін 42 АЕК (155 064 теңге), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 

  • Ғылыми дәрежелері мен атақтары үшін осындай ай сайынғы қосымша ақы негізгі жұмыс орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми қызметкерлерге де белгіленді. 
  • 40 жасқа толмаған дарынды жас ғалымдарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорының инвестициялық кіріс қаражатынан стипендия алу құқығы берілді. 

Ал, заңға енгізілген түзетулердің екінші блогы әскери қызметшілерге білім беру жеңілдіктерін енгізуді көздейді. 

  • Мерзімді әскери қызметін өтегеннен кейін әскери қызметшілердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуы үшін білім беру гранттарына квоталар енгізілді. 

Түзетулердің үшінші блогы кәсіпкерлік субъектілердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған. 

Түзетулердің төртінші блогына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу және ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін тиісті жағдай жасау бойынша бірқатар өкілеттік беріледі.