×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Жедел жәрдем келгенге дейін: Ақмола балабақшаларының бірінде қыз бала қайтыс болды

06.05.2024, 20:00
Жедел жәрдем келгенге дейін: Ақмола балабақшаларының бірінде қыз бала қайтыс болды
Әлеуметтік желіден

Ақпаратты Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Жедел жәрдем келгенге дейін... 

Оқиға Ақмола облысы, Зеленый бор  ауылындағы “Ромашка” балабақшасында болған. Түскі үзіліс кезінде 2017 жылы туған қыз баланың жүрегі тоқтап қалған.  

Бүлдіршін жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болыпты.  

"Түскі тыныштық кезінде мұғалім баланың терісі көгергенін байқаған. Мекеменің медбикесі, дереу жедел жәрдем шақырған. "Жедел жәрдем" келгенге дейін медбике реанимациялық көмек көрсеткенімен, бірақ нәтиже болмады.  Шұғыл медициналық бригада биологиялық өлімді тіркеді", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Қазір бұл іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.  

"Жас баланың қайтыс болу фактісі бойынша Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, мән – жайлар анықталуда", - деді облыс ПД.