Бұл ішкі нарықты алдағы жазғы маусымға қантпен қамтамасыз етудің амалы деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы жаздың соңына дейін қантты экспорттауға тыйым салынғанын хабарлады. Бұндай қадам ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету үшін жасалып отырғанын мәлімдеді жауапты министрлік.
“Қолда бар қант қоры қант қызылшасының жаңа өнім алатын кезең басталғанға дейін сұранысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті",-деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Қазіргі уақытта қоймалардағы қант қорларының және Қазақстанға импорт көлемдерінің теңгерімі шамамен 256 мың тоннаны құрайды, бұл елдің жылдық қажеттілігінің жартысы (500-550 мың тонна).
Бұған дейін
Азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттағаны жөнінде жазған едік.
Сәбізге 4,9%, қырыққабат 4,2%, түйіршіктелген қант 3,7%, сары май бағасы 1,1% өсті. Реттелмейтін өнімдердің бағасы: алма 3,3%, жүзім 2,5%, кондитерлік өнімдер 2,8%, минералды және ауыз су 2,5% қымбаттады.
Ал одан ертерек тандық тауар өндірушілерді қолдау үшін тауық жұмыртқасының импортына тыйым салынғаны белгілі болған.
Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген.
“Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды,” - деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.