×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қазақстанда депутаттарға мәслихат таратылған кезде жәрдемақы төлеу жоспарланып отыр

07.05.2024, 11:54
Қазақстанда депутаттарға мәслихат таратылған кезде жәрдемақы төлеу жоспарланып отыр
шартты сурет

Қазақстанда мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы төлеу ұсынылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары "Ақ жол" партиясы атынан премьер-министрге жолдаған сауалхатында мәслихаттардың әкімдіктерге тәуелділігіне наразылық білдірген. Өз жауабында Олжас Бектенов ұсынылған тың нормалар бұл мәселені шешетінін хабарлаған.

– Мәслихат таратылған жағдайда депутаттың өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде ай сайынғы төлемді көздейтін норма ұсынылады, - делінген жауапта.

Сондай-ақ штаттан тыс жұмысшылар санын қысқарту есебінен мәслихаттар штатын кеңейту ұсынылады. Парламентке түзетулер биыл енгізіледі.