×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

WTA 1000: Путинцева АҚШ чемпионы Стивенсті жеңіп, үшінші айналымға өтті

10.05.2024, 09:14
Фото: imghub.ru

Юлия Путинцева (41 WTA) Римде WTA-1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екінші раунд матчында қазақстандық Слоун Стивенсті (35 WTA) 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Теннисшілер кортта 1 сағат 15 минут уақыт өткізді.

Жеке кездесулерде Юлия алға шықты – 4:3.

31 жастағы америкалық 2017 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жеткен.

Ал Путинцева үшінші раундта әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары