×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Оралда су тасқыны кезінде пәтерді жалға алу құны күрт қымбаттаған

10.05.2024, 17:19
Коллаж: ulysmedia.kz

Ұлттық статистика бюросы мен сарапшылар сәуір айында тұрғын үй нарығында бағаның қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жыл көрсеткіштері

Бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйдің бағасы елде 1,6%, екінші нарықтағы пәтерлер 0,1% өскен.

Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 3,1% қымбаттады.

Бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар Ақтөбеде 9,5%, Қызылордада 7,1% айтарлықтай өсті. Екінші тұрғын үй нарығында Атырау (12,2%) және Жезқазған (7,1%), ал тұрғын үйді жалға беру нарығында Жезқазған (23,4%), Қарағанды (23%) және Атырау (21%) бағалар өсімі жағынан алға шықты.

Ай көрсеткіштері

Бір айда пәтерді қайта сату бағасы 1%, ал жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,3% өсті.

Сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату жағынан тіркелген мәмілелер саны 31 248 құрады. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 830 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 418. Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 18,4% өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (5 583 – 17,9%) және Алматы (4 949 – 15,8%), сондай-ақ Қарағанды облысы (2 668-8,5%) көшбасшы болып қала береді. Ең аз мәміле Ұлытау облысында (333 - 1,1%) жасалған.

Теріс көрсеткіш тек Алматыда тіркелген (-4,7%). Ал мәмілелердің ең көп өсімі Жетісу (58,3%), Ұлытау (54,9%) және Маңғыстау (42,4% - ға) облыстарында байқалды.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй бойынша мәміле саны 12,5% (2 603 мәмілеге) ұлғайды. Пәтерлер бойынша барлығы 23 418 мәміле жасалды. Бұл жалпы көрсеткіштің 74,9%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй сатылымының негізгі үлесі Астана (23,3%), Алматы (18,7%) және Қарағанды облысына (9,5%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша сатылымда екі бөлмелі пәтерлер көшбасшы болды, сәуірде олар бойынша 8 844 мәміле жасалды.

Жеке үй мәмілелерінің саны да 40,5% немесе 2 256-ға өсті. Жыл басынан бері олардың рекордтық саны тіркелді – 7 830. Ұлытау (85,4% - ға), Атырау (77,9% - ға) және Қостанай (66,3% - ға) облыстарында көбейді.

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6% азайды. Мәмілелердің ең көп өсімі Шымкентте (20,4%), ең көп төмендеуі Маңғыстау облысында (18,9% - ға) байқалды.

Сарапшылар не дейді

Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, сәуір айында Алматыда екінші тұрғын үй бағасы наурызда 0,1% өскен. Бұл үш ай қатарынан төмендегеннен кейінгі алғашқы көрсеткіш. 

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар және наурыз айларында Алматыда қатты жер сілкінісі болды.

– Сонымен, 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бағалар бастапқы (-1,7%), екінші (-2,7%) және жалдау (-4,8%) үшін төмен екенін байқау қызықты", – делінген хабарламада.

Сәуір айында Орал қаласында жеке сектор су басқан кезде жалға алу бағасы бірден 8,6% көтерілген.

Орал тұрғындарының жанайқайы

Еске сала кетейік, бұған дейін Ulysmedia.kz редакциясына Орал қаласы тұрғындарының Мәжіліс депутаттары Нартай Аралбайұлы, Ринат Зайытов, Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек пен Асхат Аймағанбетовке жазылған өтініші келіп түскен еді. Хат мәтінінде Ulysmedia.kz редакциясы бұған дейін жазған мәселе көтерілген. Жайық, Шаған өзенінің суы тасып, саяжайдың мыңдаған тұрғыны үйсіз қалғандықтан, бәрінің уайымы бір – олар "енді далада қаламыз ба" деп алаңдайды.

– Президент өз сөзінде зардап шеккендерді ешқандай санатқа бөлмей, шығыны өтеледі, үй беріледі дегенімен, беруге келгенде билік өкілдері түсініксіз ережелермен миымызды қатырып, жігерімізді сөндіріп, өмірден түңілдіріп жіберді. Біз арыз-шағымымызды кімге барып, кімге айтарымызды білмей қалдық, – дейді Орал тұрғындары.

Өткен аптада өткен үкімет сағатында осы хатқа байланысты аты аталған депутаттарды портал тілшісі сөзге тартқан. Парламенттің төменгі палатасында жүрген өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа да осы сұрақты қойып үлгерген.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары