×
441.8
480.02
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.8
480.02
4.88

ҚМГ-ның Жаңаөзендегі еншілес компаниясының жұмысшылары бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне қосуды талап етті

10.05.2024, 18:48
Видео кадры: Азаттық радиосы

Жұмысшылар бірыңғай еңбекақы жүйесіне енгізілмегендіктен, үнемі сыйақыдан қағылатынын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңаөзендегі KMG Security компаниясының жүзге жуық қызметкері видеоүндеу жариялады. Үндеуде олар "Қазмұнайгаздың" бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне қосуды талап етеді.

Толығырақ

Жұмысшылардың бірі – Марат Шырақбаев екі апта бұрын олар өз талаптарын қағазға түсіріп, басшылыққа жібергенін айтты, бірақ жауап болмаған, деп жазады Азаттық радиосы.

– Бұл видеохабарлама 6 мамырда жазылды. Бірақ әлі реакция жоқ. Біздің компания "ҚазМұнайГазға" жүз пайыз қарайды. Сервистік компаниялар да дәл солай. Бірақ айырмашылық бар – біз бірыңғай жалақы жүйесіне қосылмадық. Осыған байланысты үнемі сыйақыдан қағыламыз. Басшылықтың талаптарымызды естігенін қалаймыз, - дейді ол.

Кәсіподақ өкілі Нұрлан Есетов компанияда 1200 қызметкер жұмыс істейтінін айтты. Ал талапқа 500 адам қосылған. KMG Security компаниясы осы жағдайға байланысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Еншілес компания жайлы

KMG-Security – ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының еншілес компаниясы. 2000 жылдан бастап күзет қызметтерін көрсетеді. Компания Қазақстанның жетекші мұнай-газ кәсіпорындарының бастамасымен құрылған.

Серіктес жаңалықтары