×
$
455.12
€
498.99
₽
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455.12
€
498.99
₽
5.55

Польшаға Ресей зымырандары құлады: НАТО барлау ұшағын жіберуге келісті

Бүгін, 10:37
Польшаға Ресей зымырандары құлады: НАТО барлау ұшағын жіберуге келісті
gettyimages.com

НАТО елдері Польшаға әуеден радиолокациялық барлау жүргізетін AWACS ұшағын жіберу туралы келісімге келді. Бұл шешім Ресей зымырандары Польша аумағына құлағаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

20 қарашада Польша аумағына Ресейдің үш Х-101 қанатты зымыраны құлаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Польша билігі зымырандардың Ресейге тиесілі екенін анықтаған.

НАТО мәлімдемесінде одақтастардың Польшаға қолдау білдіретіні айтылған.

Дәйексөз

– Барлық одақтас Польшаға толық қолдау көрсетеді. НАТО кез келген қауіптен қорғануға дайын әрі бұл бағытта біртұтас ұстанымда, – делінген альянс хабарламасында.

Польша премьер-министрі Дональд Туск елдің әуе кеңістігінің бұзылуын Ресейдің әдейі жасаған арандатуы деп бағалады. Ал Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Сізге қызық болуы мүмкін