×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Туыңды жоғалт, бұл Қазақстан»: Полиция СССР туына қарсы болған алматылықты жауапқа тартты

10.05.2024, 19:50
«Туыңды жоғалт, бұл Қазақстан»: Полиция СССР туына қарсы болған алматылықты жауапқа тартты
Скриншот: 112_ aktau парақшасынан

Полиция оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 9 мамыр күні Алматы қаласында болған. Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды.  

“Жоғалтыңдар, бұл Қазақстан”

Жазбада белгісіз ер азамат КСРО туын ұстағандардың қолынан жалауды тартып алған. “Жоғалтыңдар, бұл Қазақстан” деп айғайлайды видеодағы жігіт.  

Жақтаушылар да, даттаушылар да бар

Бұл видеоны көрген азаматтар әртүрлі пікір жазып жатыр. Көпшілігі ер азаматтың әрекетін дұрыс деп бағаласа, арасында бұл әрекет қате деушілер де бар.  

Полицияның түсініктемесі 

“Алматы қалалық полиция Департаменті, аталған дерекке сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп, кінәлі азамат боғауыз сөз сөйлегені үшін ұсақ құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлайды,” - деп жазды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.