×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Шымкентте шала туған сәбиін далаға тастаған әйел ұсталды

10.05.2024, 23:25
Ашық дереккөзден

Ол өлі туған өз баласын қорапқа салып, перзентхана алдына тастап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорапқа салып тастап кеткен

Оқиға Шымкент қаласында болған. Көкек ана осыдан төрт айлық өлі туылған шарананы қорапқа салып, №2 перинаталды орталықтың аумағына тастап кеткен. Оны кешқұрым перзентхана қызметкерлері тауып алыпты.

20 аптадан асқан...

Мәйітті тексеріп көрген мамандар шарана 20 аптадан асқанын және қыз бала екенін айтады. Арада үш күн өткенде құрсағынан шыққан өлі сәбиді тастай салған безбүйрек әйел қала аумағынан ұсталды.

Төрт жылға дейін...

Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Оған «жаңа туған баласын өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.